- Интернет-сайтта ұсынылған және «PREMIUM BEAUTY» ЖШС жүзеге асыратын Тауарларды жеткізу аумағы Қазақстан Республикасының шегiмен шектеледі.
- Жеткізуде кешігулер Сатушының кінәсінен емес, күтпеген жағдайларға байланысты орын алуы мүмкін.
- Тапсырысты орындау мерзімі ерекше жағдайларда сатып алынған Тауардың сипаты мен санына қарай Сатып алушымен жеке тәртіпте келісiлуі мүмкін. Егер Тапсырыстың бір бөлігі Сатушының қоймасында болмаған жағдайда, соның ішінде Сатушыға байланысты емес себептер бойынша, Сатушы Сатып алушының Тапсырысынан көрсетілген Тауарды алып тастауға құқылы. Бұл жағдайда Сатушы Сатып алушыны тапсырыстың өзгерген құрамы туралы интернет-сайтқа тіркелген кезде көрсетілген электрондық пошта арқылы немесе Тапсырысты алу кезінде хабардар етуге міндетті. Ақшаны қайтару төлем жасалған тәсілмен жүзеге асырылады.
- Жеткізу кезінде Тапсырыс Сатып алушыға немесе Тапсырыста көрсетілген үшінші тұлғаға (бұдан әрі — «Алушы») тапсырылады.
- Алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсатында, алдын ала төленген Тапсырысты беру кезінде жеткізуші Алушының жеке басын куәландыратын құжатты сұрауға және оның түрі мен нөмірін жеткізу түбіртегінде көрсетуге құқылы. Сатушы Алушының жеке деректерінің құпиялылығы мен қорғалуына кепілдік береді.
- Тауардың кездейсоқ жойылуы немесе бүліну тәуекелі Тапсырыс Сатып алушыға нақты берілген сәттен бастап Сатып алушыға өтеді. Егер Тапсырыс жеткізілмеген жағдайда, Сатушы Сатып алушы төлеген Тапсырыстың және жеткізудің толық құнын, Жеткізу қызметінен жоғалғаны туралы растау алғаннан кейін өтейді.
- 25 000 теңгеден төмен сомаға тапсырыс берген жағдайда жеткізу құны қала ішінде 2500 теңге және Қазақстан Республикасы бойынша 2500 теңге құрайды. 25 000 теңгеден жоғары тапсырыстар тегін жеткізіледі.
- Сатушының Тауарды Сатып алушыға беру міндеттемесі курьер Алушыға Тауарды берген немесе Алушы Тауарды алдын ала келісілген өздігінен алу орнынан (самовывоз пункті) алған сәтте орындалған болып саналады.
- Курьерден Тапсырысты қабылдау кезінде Алушы қаптаманың бүтіндігін тексеруге міндетті. Қаптаманың бүтіндігiне шағым болмаған жағдайда, Алушы курьер ұсынған «Тапсырыс жеткізу формасына» немесе соған ұқсас құжатқа қол қояды. Қаптама бұзылған жағдайда, Алушы жеткізілген Тауарды курьердің қатысуымен қарап шығып, оның саны, ассортименті мен толықтығын тексеруге міндетті. Егер сәйкессіздіктер анықталса, курьермен бірге сәйкессіздік туралы Акт жасалып, +7 700 000 27 27 нөмірі бойынша «Клиенттерге қамқорлық қызметіне» хабарласу қажет.
- «PREMIUM BEAUTY» ЖШС-нің тауарын жеткізетін курьерлердің Алушы мекенжайында болу уақыты 15 минутпен шектеледі.
- Пайдаланушы жеткізу — бөлек қызмет екенін, ол сатып алынған Тауардың ажырамас бөлігі болып табылмайтынын, және Алушы Тауарды алып, төлем жасаған сәтте аяқталатынын түсінеді және келіседі. Сатып алынған Тауардың сапасына қатысты талаптар Тауарды алғаннан және төлем жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (2019 жылғы 14.04-дегі өзгерістер мен толықтырулармен) және Сатушының кепілдік міндеттемелеріне сәйкес қаралады.