Қосымшада тапсырыс бергенде бонустар алыңыз

Бонустар тек қосымшада сатып алу кезінде есептеледі


Тауарды қашан қайтаруға болады?

Тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде.

Тауарды қайтару үшін оның жағдайына қойылатын талаптар:


  • Тауар толық жинақталуы тиіс (барлық қосымша бөлшектермен, сертификаттармен, толтырғыштармен және қорғаныс үлдірлерімен бірге);
  • Өндірушінің түпнұсқа қорабы сақталуы тиіс;
  • Тауар қолданылмаған және пайдаланылмаған болуы тиіс;
  • Тауардың тауарлық түрі сақталуы тиіс;
  • Пайдаланушылық қасиеттері, пломбалары және түпнұсқа қаптамасы сақталуы тиіс;
  • Сатып алу және төлем фактісін растайтын есептік құжат (тауарлық жүкқұжат) болуы тиіс;
  • Сайтта жиынтық ретінде ұсынылған тауар барлық құрамдас бөліктерімен бірге қайтарылуы тиіс.

Қай тауарлар қайтарылмайды?

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес келесі тауарлар қайтарылуға жатпайды: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар; ішкиімдер; шұлық-ұйық бұйымдары; жануарлар мен өсімдіктер; өлшеп сатылатын тауарлар (барлық түрдегі маталар, тоқыма және перделік мата, жасанды аң терісі, кілем өнімдері, тоқыма емес материалдар, таспа, мережка, өрім, сымдар, баулар, кабельдер, линолеум, багет, үлдір, клеенка, ұялы байланыс абоненттік құрылғылары).

Қайтару құны қандай?


  • Жеңілдіксіз немесе 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алынған тауарды қайтару тегін.
  • Бір артикулдағы тауарды бірнеше рет қайтарған жағдайда, қайтару шығындары Сатып алушының есебінен жүргізіледі.
  • 50% және одан жоғары жеңілдікпен сатып алынған тауарды қайтару шығындары Сатып алушының есебінен жүргізіледі. Курьер арқылы қайтару құны – 1 500 теңге.

Сатып алушыға ақшасы қашан қайтарылады?

15 жұмыс күні ішінде.

Сатып алушыға ақша қандай жолмен қайтарылады?

Біздің сайттан тауарды сатып алу кезінде қолданылған банк картасына.

Қандай жағдайда сатып алушыға ақша қайтарылады?


  • Сатушы тауарды қайтаруға қабылдағаннан кейін, тауар түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде;
  • Тауардың түпнұсқалығына сараптама жүргізілгеннен кейін;
  • Тауар толық жинақталған, тауарлық түрі сақталған, штрих-коды бар түпнұсқа қаптамада болуы тиіс;
  • Тауардың фирмалық жапсырмалары мен биркалары сақталған болуы тиіс, сондай-ақ сатып алу және төлем фактісін растайтын құжат (тауарлық жүкқұжат) ұсынылуы қажет;
  • Тауар Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес қайтарылмайтын тауарлар тізіміне кірмеуі тиіс.

Егер Сатушы тауарды қайтаруға қабылдамаса не болады?

Тауар Сатып алушыға жеткізілген мекенжайға қайта жіберіледі.

Тауарды қайтаруды қалай рәсімдеуге болады?


  1. 7896 нөміріне (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) немесе +7 701 647 12 25 (халықаралық қоңыраулар және WhatsApp үшін) хабарласыңыз;
  2. Қайтару себептерін көрсетіңіз, егер бар болса, тауардың ақауларын тізіп жазыңыз;
  3. Өтінішке келесі құжаттарды қоса беріңіз: жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі, чек немесе онлайн-банктен немесе өзге төлем жүйесінен төлем үзіндісі;
  4. Тауарды және құжаттар топтамасын сізге жіберілетін курьерге тапсырыңыз;
  5. Ақшаны күтіңіз.
  6. Егер тауар талаптарға сәйкес болса, біз ақшаны Сатушы тауарды қабылдаған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарамыз.

Егер сіз жіберген тауар талаптарға сәйкес келмесе, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес (қайтарылмайтын тауарлар: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар; ішкиімдер; шұлық-ұйық бұйымдары; жануарлар мен өсімдіктер; өлшеп сатылатын тауарлар – барлық түрдегі маталар, тоқыма және перделік мата, жасанды аң терісі, кілем өнімдері, тоқыма емес материалдар, таспа, мережка, өрім, сымдар, баулар, кабельдер, линолеум, багет, үлдір, клеенка, ұялы байланыс абоненттік құрылғылары) ақша қаражаты қайтарылмайды және тауар айырбасталмайды.

Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдары мен басқа да ұқсас технологияларды осы Хабарламаға сәйкес пайдалануға келісім бересіз.