«www.cdv.kz» Интернет-дүкен арқылы кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды
БӨЛШЕК САУДАДА САТЫП АЛУ-САТУ ТУРАЛЫ
1. Жалпы ережелер
1.1. Берілген Келісім (бұдан әрі – Оферта, Келісім) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жария оферта болып табылады және Тауарларды сату тәртібін, Тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ Сатушының интернет-ресурсын пайдалану шарттарын айқындайды.
1.2. Осы Келісім «PREMIUM BEAUTY» ЖШС (заңды мекенжайы: 050059, Қазақстан Республикасы, Самал-2 ықшам ауданы, 67-үй), бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын бір тарап пен www.cdv.kz интернет-дүкені арқылы кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, жеке, отбасылық, үй шаруашылығына немесе басқа да пайдалануға арналған Тауарды сатып алуға ниет білдірген тұлға – бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын екінші тарап, екі жақ бірігіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатындар арасында жасалады.
1.3. Осы Келісім қашықтықтан тауарларды бөлшек сауда түрінде сату шарттарын жасасу мен орындау тәртібін, сондай-ақ www.cdv.kz нтернет-дүкенін (бұдан әрі – «Сайт») пайдалану тәртібін реттейді. Келісім Тараптардың Тауарға қол жеткізуге, тапсырыстарды рәсімдеуге, төлем жасауға және жеткізуге байланысты құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
1.4. Осы Келісім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес Сатып алушының осы жария оферта шарттарына қосылуы арқылы жасалады. Аталған бапқа сәйкес, қосылу шарты деп шарттың талаптары тараптардың бірімен стандартты түрде айқындалып, екінші тарап ол шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана келісім бере алатын шарт танылады.
1.5. Осы жария офертаны акцептеу Сатып алушының оның шарттарымен келісетінін білдіретін іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады, оған мыналар жатады: Сайтта тіркелу; Сайтта Тапсырыс рәсімдеу; «Жария оферта шарттарымен келісемін» деген батырманы немесе белгіні басу.
1.6. Сайтты пайдалану арқылы Сатып алушы осы Келісімнің шарттарымен танысқанын, олардың мәнін түсінетінін және белгіленген ережелерді сақтауға міндеттенетінін растайды. Бұл ережелерге тапсырысты рәсімдеу, төлем жасау, жеткізу, тауарларды қайтару, дербес деректерді өңдеу тәртібі және интернет-дүкенді пайдалану тәртібін реттейтін өзге де талаптар кіреді.
1.7. Сатушы осы Келісімге біржақты тәртіпте өзгерістер енгізуге құқылы. Сатып алушы Келісімнің өзекті нұсқасымен дербес және тұрақты түрде танысып отыруға міндетті.
1.8. Сайтта орналастырылған барлық мәтіндік ақпарат пен графикалық бейнелер Сатушының және/немесе оның жеткізушілерінің меншігі болып табылады.
2. Терминдер
Акцепт – Сатып алушының Келісім шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы.
Тапсырыс – Сатып алушының Сайт арқылы Сатушыға жолдаған, таңдалған Тауарлар мен олардың жеткізу мекенжайын қамтитын өтінімі.
Жеке кабинет – Сайттың Сатып алушы тіркеуден (авторизациядан) өткеннен кейін қолжетімді болатын бөлімі. Ол тапсырыстарды рәсімдеу мен қадағалауға, дербес деректерді басқаруға, Сатушыдан хабарламалар алуға, сондай-ақ www.cdv.kz интернет-дүкенін пайдалануға байланысты өзге де әрекеттерді орындауға арналған.
Оферта – Сатушының кез келген тұлғаға, яғни кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ, жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе басқа мақсатта Тауар сатып алатын тұлғаға, осы Келісімде және оның барлық қосымшаларында көрсетілген шарттар негізінде Келісім жасасу жөнінде жолдаған жария ұсынысы.
Сайт – www.cdv.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан бағдарламалық және ақпараттық құралдардың жиынтығы, ол Сатушыға тиесілі және тауарларды қашықтан сату, сондай-ақ пайдаланушыларға Тауарлар, олардың сипаттамалары, бағасы, төлем, жеткізу және қайтару шарттары туралы ақпарат беру және бөлшек сауда келісімдерін жасасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арналған.
Тауар – www.cdv.kz интернет-сайтында ұсынылған ассортимент атауларының тізбесі.
3. Келісімнің мәні
3.1. Сатушы Сайтта жарияланған қолданыстағы бағалар тізбесіне (праис-параққа) сәйкес Тауарды сатады, ал Сатып алушы осы Келісімнің шарттарына сәйкес төлем жасап, Тауарды қабылдап алады.
3.2. Келісімнің барлық қосымшалары осы жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады.
4. Тапсырысты ресімдеу
4.1. Тапсырысты ресімдеу үшін Сатып алушы Сайтта тіркеліп, жеке «Жеке кабинет» бөлімінде өзіне қолжетімділікті алады. Осы бөлім арқылы Тапсырыстарды ресімдеу және қадағалау, байланыс деректерін өзгерту және өзге де әрекеттер жүзеге асырылады.
4.2. Сатып алушы тіркелу кезінде және (немесе) Жеке кабинетте көрсетілген мәліметтердің толықтығына, өзектілігіне және шынайылығына жауапты. Сатып алушының дәл емес немесе жарамсыз ақпарат ұсынуы салдарынан туындаған зардаптар үшін Сатушы жауап бермейді.
4.3. Аутентификация деректері (логин мен құпиясөз), сондай-ақ Жеке кабинетке қолжетімділіктің өзге параметрлері құпия болып табылады. Сатып алушы оларды үшінші тұлғаларға жария етпеуге және рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
4.4. Сатушы Келісімнің шарттарын бұзу, күмәнді белсенділік немесе деректердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар анықталған кезде, Сатып алушыны алдын ала хабардар етпестен, Жеке кабинетке қолжетімділікті уақытша тоқтатуға құқылы.
4.5. Тапсырысты ресімдеу тәртібі:
4.5.1. Тапсырысты ресімдеу үшін Сатып алушы Жеке кабинетте келесі әрекеттерді орындайды:
- Қажетті Тауарды, оның көлемін (жиынтығын) таңдап, «Себетке қосу» батырмасын басады;
- «Себет» бөліміне өтіп, Тапсырыстың құрамын тексеріп, «Ресімдеуге көшу» батырмасын басады;
- Өзінің дербес деректерін (Т.А.Ә., телефон нөмірі, жеткізу мекенжайы) тексереді;
- Жеткізу тәсілін таңдайды;
- Төлем тәсілін таңдайды.
4.5.2. Тапсырысты растағаннан кейін Сатып алушы Тапсырыстың жеткізу қызметіне берілуінің болжамды күні туралы хабарлама алады.
4.5.3. Аталған күн – Сатушының қалыптастырылған Тапсырысты тиісті жеткізу қызметіне беру жөніндегі міндеттемесін орындау мерзімін білдіреді.
4.5.4. Тапсырысты беру мерзімі қоймадағы Тауардың болуына, тапсырыс берілген позициялар санына және Тапсырысты жинау мен қаптауға қажетті технологиялық уақытқа байланысты өзгеруі мүмкін.
4.6. Егер Клиент бір атаудағы Тауардың бір бірліктен артық санын қамтитын Тапсырыс ресімдеген жағдайда және Сатушының қоймасында Тапсырыс берілген Тауардың қажетті саны болмаған кезде, Сатушы бұл туралы Клиентке электрондық хабарлама арқылы хабарлайды. Хабарлама тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Клиент Сатушыда бар мөлшердегі Тауарды қабылдауға келісім беруге немесе осы Тауар позициясын Тапсырыстан алып тастауға құқылы. Егер Клиенттен үш күнтізбелік күн ішінде жауап алынбаса, Сатушы Тапсырыстан аталған Тауарды алып тастау құқығын өзінде қалдырады.
4.7. Тауардың Сатушы қоймасына жеткізілуінің күтілетін мерзімі тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Клиенттің Тапсырысты алу мерзімі жеткізу мекенжайы мен өңіріне, сондай-ақ нақты Жеткізу қызметінің жұмысына байланысты және Сатушыға тікелей тәуелді емес.
4.8. Сайтта ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатқа ие және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары (түсі, өлшемі, пішіні және т.б.) туралы дәл ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайды. Егер Клиентте Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаса, Тапсырысты ресімдеуге дейін Сатушыға жүгінуі қажет.
5. Жеткізу шарттары
5.1. Сайтта ұсынылған және «PREMIUM BEAUTY» ЖШС жүзеге асыратын Тауарларды жеткізу аумағы Қазақстан Республикасының шегiмен шектеледі.
5.2. Жеткізудің кешігуі Сатушының кінәсінен емес, күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты болуы мүмкін.
5.3. Ерекше жағдайларда Тапсырысты орындау мерзімі Тауардың сипаттамалары мен санына қарай Сатып алушымен жеке тәртіпте келісiлуi мүмкiн. Егер Тапсырыстың бір бөлігі Сатушының қоймасында болмаған жағдайда, соның ішінде Сатушыға байланысты емес себептер бойынша, Сатушы Сатып алушының Тапсырысынан аталған Тауарды алып тастауға құқылы. Сатушы Сатып алушыға оның Тапсырысының құрамындағы өзгерістер туралы тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта арқылы немесе Тапсырысты тікелей алу кезінде хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайда Сатып алушы төлеген ақшалай қаражат Сатушы тарапынан төлем жүргізілген тәсілмен қайтарылады.
5.4. Жеткізу кезінде Тапсырыс Сатып алушыға немесе Тапсырыста алушы ретінде көрсетілген үшінші тұлғаға табысталады (бұдан әрі Сатып алушы мен үшінші тұлға бірігіп – «Алушы» деп аталады).
5.5. Алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсатында алдын ала төленген Тапсырысты табыстау кезінде жеткізуді жүзеге асыратын тұлға Алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін сұрауға және Алушы ұсынған құжаттың түрі мен нөмірін Тапсырыс түбіртегінде көрсетуге құқылы. Сатушы Алушының дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз етуге кепілдік береді.
5.6. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі Тапсырыс Сатып алушыға нақты берілген сәттен бастап Сатып алушыға өтеді. Егер Тапсырыс жеткізілмеген жағдайда, Сатушы Тапсырыстың жоғалғаны туралы жеткізу қызметінен растау алғаннан кейін Сатып алушы төлеген Тапсырыс пен жеткізу құнын толық көлемде өтейді.
5.7. 25 000 теңгеден төмен сомаға жасалған Тапсырысты жеткізу құны қала ішінде – 2500 теңге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында – 2500 теңге болып табылады. 25 000 теңгеден асатын сомаға жасалған Тапсырыс тегін жеткізіледі.
5.8. Сатушының Тауарды Сатып алушыға беру жөніндегі міндеттемесі Курьер Тауарды Алушыға табыстаған сәттен бастап немесе Алушы Тауарды алдын ала келісілген тапсырыс беру орнынан (өздігінен алып кету пункті) алған сәттен бастап орындалды деп есептеледі.
5.9. Тапсырысты курьерден қабылдау кезінде Алушы қаптаманың бүтіндігін тексеруге міндетті. Қаптаманың бүтінділігіне қатысты ескертулер болмаған жағдайда, Алушы курьер ұсынған «Тапсырысты жеткізу бланкісіне» немесе соған ұқсас өзге құжатқа қол қояды. Қаптаманың бүтіндігі бұзылған жағдайда Алушы курьердің қатысуымен жеткізілген Тауарды қарап шығып, оның санына, ассортиментіне және жиынтығына сәйкестігін тексеруге міндетті. Егер Тауардың саны, ассортименті немесе жиынтығы сәйкес келмесе, онда курьермен бірге сәйкессіздік актісі жасалып, +7 700 200 27 27 нөмірі бойынша «Тұтынушыларды қолдау қызметіне» жүгіну қажет.
5.10. «PREMIUM BEAUTY» ЖШС сататын тауарды жеткізетін курьерлердің Алушының мекенжайында болу уақыты 15 минутпен шектеледі.
5.11. Пайдаланушы жеткізу қызметі Сатып алушы сатып алатын Тауардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын, жеке қызмет екенін түсінеді және келіседі. Бұл қызмет Алушы Тауарды қабылдап, оған ақы төлеген сәтте аяқталады. Тауарды алғаннан және төлем жасағаннан кейін туындаған Тауар сапасына қатысты шағымдар 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы мен Сатушының кепілдік міндеттемелеріне сәйкес қарастырылады.
6. Тауарды төлеу тәртібі
6.1. Тауардың бағасы Сайтта көрсетіледі. Егер Клиент тапсырыс берген Тауардың бағасы қате көрсетілген болса, Сатушы алғашқы мүмкіндікте Клиентке бұл туралы хабарлап, Тапсырысты растауды немесе күшін жоюды ұсынады. Клиентпен байланысу мүмкін болмаған жағдайда Тапсырыс күшін жойған болып есептеледі. Егер Тапсырыс алдын ала төленген болса, Сатушы Клиентке төленген соманы қайтарады. Ақша қаражаты сол төлем тәсілімен қайтарылады, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда — Сатып алушының банктік шотына аударылады.
6.2. Тауардың бағасы Сайтта Сатушының қалауымен біржақты тәртіпте өзгеруі мүмкін. Алайда Клиент тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгертуге жатпайды.
6.3. Тауарды төлеу тәсілдері Сайттың «Төлем шарттары» бөлімінде көрсетілген.
6.4. Тауар алдын ала төленген жағдайда, Тапсырыс Клиенттің ақшалай қаражаты Сатушының есепшотына түскеннен кейін ғана өңдеуге қабылданады. Бұл ретте Тапсырыс бойынша Тауар қоймада резервтелмейді, сондықтан Сатушы Тауардың тапсырыс рәсімделген сәттегі қолжетімділігін кепілдей алмайды, нәтижесінде Тапсырысты өңдеу мерзімі ұзартылуы мүмкін.
6.5. Банктік картаны пайдалану арқылы операцияларды картаның иесі немесе оның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
6.6. Тапсырысты беру пунктінде банктік картамен төлем жасаған жағдайда, Клиент жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге міндетті.
6.7. Егер банк операцияны алаяқтық сипатта деп санауға негіз тапса, ол операцияны орындаудан бас тартуға құқылы.
6.8. Сатып алушының тапсырысты төлеуі курьердің тауарды беруі немесе жөнелтуі кепілдігі болып табылмайды, себебі тапсырысты жинау және орау кезінде витринада тұрған тауардың бүлінуі немесе ақауы анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайда Сатушы Сатып алушыға хабарлауға және тапсырысты жойып, ақшасын қайтаруға құқылы. Тапсырысты жеткізуге беру «Расталды» мәртебесін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
7. Тауарды қайтару
7.1. Клиент тапсырыс берген Тауарды оны алғанға дейін кез келген уақытта, ал Тауарды алғаннан кейін – он төрт күнтізбелік күн ішінде қайтаруға құқылы. Қайтаруға жарамды сапалы Тауар келесі жағдайларда қабылданады:
7.1.1. Тауар барлық құрамдас бөліктері, нұсқаулықтары, салынбалары, сертификаттары, толтырғыштар, қорғаныш пленкалары және басқа да керек-жарақтарымен бірге толық жинақталған болуы керек;
7.1.2. Брендтік орау (қорап, пломба, жапсырмалар, қорғау элементтері) сақталған және жарамды күйде болуы қажет;
7.1.3. Тауар пайдаланылмаған және қолдануға берілмеген, қолдану іздері, кір немесе механикалық зақымдар жоқ болуы керек;
7.1.4. Тауардың сыртқы көрінісі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған, қайта сату мүмкіндігі бар болуы қажет;
7.1.5. Тауарды сатып алу және төлеу фактісін растайтын есеп құжаты (тауарлық накладная, кассалық чек немесе басқа растайтын құжат) бар болуы керек;
7.1.6. Егер Тауар комплекттің (жинақтың) құрамында сатып алынған болса, оны қайтару тек барлық құрамдас бөліктерін толық жинақталған күйінде қайтарған жағдайда ғана мүмкін.
7.2. Қайтаруға Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес кейбір тауарлар қабылданбайды.
7.3. Егер Тауар жеке ерекшеліктерге ие болып, тек оны сатып алған Клиент қана пайдалана алатын болса, Клиент сапалы Тауардан бас тарта алмайды.
7.4. Клиент Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабында көрсетілген сапалы Тауарларды қайтаруға құқығы жоқ.
7.5. Тауар үшін төленген ақшаны қайтару, егер осы Ережелер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған болса, Сатушы Тауарды қабылдап, қайтаруға қабылдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
7.6. Ақшаны қайтару Сатып алушы тапсырысты төлеген кезде пайдаланған банктік картаға жасалады. Егер техникалық себептер бойынша көрсетілген картаға қайтару мүмкін болмаса, ақша қаражаттары Сатып алушының жазбаша өтініші негізінде Сатып алушының Қазақстан Республикасындағы кез келген банкте ашылған есепшотына банктік аударым арқылы қайтарылады.
7.7. Ақшаны қайтару келесі шарттар бір уақытта орындалған кезде жүзеге асырылады:
7.7.1. Сатушы Тауарды қайтаруға қабылдап, оның сыртқы көрінісі, жинақталуы және қаптамасына қойылған талаптарға сәйкес келетінін растады;
7.7.2. Тауар түпнұсқалығы бойынша тексеруден өтті және қолдану іздері жоқ;
7.7.3. Брендтік жапсырмалар, қаптама, штрих-кодтар, пломбалар және басқа да сәйкестендіру элементтері сақталған;
7.7.4. Тауарды сатып алу және төлеу фактісін растайтын құжаттар (чек, тауарлық накладная, банк немесе төлем жүйесі бойынша үзінді) ұсынылған;
7.7.5. Тауар Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабында көрсетілген қайтаруға жатпайтын тауарлар тізіміне кірмейді.
7.8. Жеңілдіксіз немесе 50%-ға дейінгі жеңілдікпен алынған Тауарды қайтару тегін жүзеге асырылады. Сол артикулдағы Тауарды қайта қайтарған жағдайда шығынды Сатып алушы көтереді. 50%-дан жоғары жеңілдікпен алынған Тауарды қайтару Сатып алушы есебінен жүргізіледі. Мұндай Тауарды қайтару кезінде курьерлік жеткізу құны 1 500 (бір мың бес жүз) теңге.
7.9. Тауарды қайтару үшін Сатып алушы:
7.9.1. Өтінішті телефон арқылы жібереді: +7 700 200 27 27;
7.9.2. Қайтару себебін көрсетеді және, егер болса, анықталған ақауларды хабарлайды;
7.9.3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және төлемді растайтын құжатты (чек, онлайн-банктан немесе төлем жүйесінен үзінді) қоса береді;
7.9.4. Тауар мен қосымша құжаттарды Сатушы жіберген курьерге тапсырады.
7.9.5. Ақшаны қайтару Сатушы қайтарылған Тауарды алғаннан кейін және оның осы бөлімнің талаптарына сәйкес келетінін тексергеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
7.10. Ақшаны қайтару немесе Тауарды айырбастау келесі жағдайларда жүргізілмейді:
7.10.1. Тауар сақталу шарттарын бұзу себебімен Сатушы тарапынан қайтаруға қабылданбаған жағдайда;
7.10.2. Тауар Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес, сапасы қалыпты болған жағдайда қайтаруға жатпайтын тауарлар тізіміне кіретін жағдайда;.
7.10.3. Тауарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда Сатушы Сатып алушыға хабарлама жібереді, содан кейін Тауар бастапқы жеткізу кезінде көрсетілген мекенжайға Сатып алушыға қайтарылады.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына жауапты болады.
8.2. Пайдаланушы тапсырыс беру кезінде берілген ақпараттың дұрыстығы мен жеткіліктілігі үшін жауап береді.
8.3. Егер орындамау соғыс немесе әскери іс-қимыл, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және басқа да табиғи зілзалалар, мемлекеттік органдардың актілері немесе әрекеттері, кедендік ережелердегі өзгерістер, осы Келісімге қарамастан туындаған импорт пен экспорт шектеулері сияқты форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Өз міндеттемелерін орындай алмаған Тарап бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етуге және осыған уәкілетті органдар берген осындай мән-жайлардың бар екендігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
8.4. Сатушы өз құқықтары мен міндеттемелерін арнайы жалданған үшінші тұлғаларға тапсырыс орындау үшін беру құқығына ие.
9. Құпиялылық
9.1. Сатушы Сатып алушыдан жеке деректерді ұсынуды сұрай алады. Ұсынылған ақпарат тек интернет-дүкендегі тапсырысты өңдеу немесе Сатып алушыға арнайы ақпаратқа қол жеткізу үшін қолданылады. Сатып алушы жеке деректерді өзгерте, жаңарта немесе өшіре алады.
9.2. Белгілі бір ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Сатушы тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына ақпараттық хабарламалар жібере алады. Кез келген уақытта Сатып алушы осындай хаттарды алу тақырыбын өзгерте алады немесе одан бас тарта алады.
9.3. Тапсырысты несие карталары арқылы төлеу кезінде карта және оның иесі туралы ақпарат қорғаулы түрде банктың авторизацияланған серверіне жіберіледі және Сатушыға немесе үшінші тұлғаларға берілмейді. Осыған байланысты интернет-дүкенге төлем туралы хабарламадан басқа ешқандай құпия ақпарат берілмейді.
10. Жауапкершілікті шектеу
10.1. Сатып алушы Сайттың қызметтері мен деректеріне қандай да бір өзгерістер енгізуді талап ете алмайды. Сатушы Сайтты пайдалану кезінде Сатып алушыға келтiрiлуi мүмкiн кез келген залал, соның iшiнде моральдық залал үшiн, егер мұндай залал үшiн жауапкершiлiктен бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз болып табылмаса жауап бермейдi.
10.2. Осы Келісімнің шарттарын қабылдау арқылы Сатып алушы Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңы бойынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, өз еркімен және өз мүддесінде әрекет ете отырып, өзінің жеке деректерін жинауға, жазуға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жеткізу), дербестендіру, блоктау, жою, сондай-ақ жеке деректермен басқа әрекеттерді жасауға келісім береді.
10.3. Сатушы Сатып алушының жеке деректеріне заңсыз қол жеткізуден немесе олардың ашылуынан қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
10.4. Сатып алушы Сатушыдан және оның серіктестерінен тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы жарнамалық және ақпараттық хабарламалар алуына келісім береді.
11. Санкциялық ескертпе
1. Санкциялық ескертпе 1.1. Тарап экономикалық, қаржылық және сауда санкцияларын қоса алғанда, барлық қолданылатын шектеу шараларын, сондай-ақ эмбарголарға, қоршауларға, қорлар мен экономикалық ресурстарға тыйым салуға, жеке немесе заңды тұлғалармен немесе белгілі бір тауарларға немесе аумақтарға қатысты операцияларды жүзеге асыруға шектеулерге қатысты шараларды сақтауға міндеттенеді. 1.2. 11.2. Тарап өзi немесе оның құрылтайшылары, акционерлері, бенефициарлық иелері, басқару органының мүшелері, қызметкерлері, сондай-ақ осы Келісім аясында Тарап тартқан немесе ұсынылған ешбір клиент: 11.2.1. активтерді бұғаттау немесе басқа блоктаушы шаралар қолданылған тұлғалар емес; 11.2.2. санкциялық тізімдерге енгізілген немесе кез келген уәкілетті санкциялық орган белгілеген басқа шектеулі шараларға жататын тұлғалар емес екендігін мәлімдейді және соған кепілдік береді. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе 2.1. Тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың барлық қолданылатын нормалары мен талаптарын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, өзінің тіркелген елінің заңнамасын, сондай-ақ АҚШ-тың шетелдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы (FCPA), Ұлыбританияның парақорлыққа қарсы күрес туралы Заңы (UK Bribery Act) және өзге де юрисдикциялардың ұқсас заңдары сияқты халықаралық актілердің нормаларын сақтауға міндеттенеді. 2.2. Тарап өзінің, оның құрылтайшылары, акционерлері, бенефициарлық иелері, басқару органдарының мүшелері, қызметкерлері мен қызметкерлері лауазымды тұлғаларға немесе басқа тұлғаларға бизнесті алу немесе ұстап қалу, сондай-ақ құқық бұзушылық туралы шешім қабылдау мақсатында тікелей немесе жанама түрде қандай да бір қаражатты, құндылықтарды немесе басқа да артықшылықтарды ұсынбаған, уәде етпеген, бермеген және ұсынбайтындығын білдіреді және кепілдік береді. 2.3. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тармақ бұзылған жағдайда, екінші Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен дереу бұзуға және келтірілген барлық шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
11.1.1. өздеріне қатысты активтерді мұздату жөніндегі шаралар немесе өзге де бұғаттау шаралары енгізілген тұлғалар;
11.1.2. санкциялық тізімдерге енгізілген не кез келген Құзыретті санкциялық органдар белгілеген өзге де шектеу шараларының қолданысына жататын тұлғалар.
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе
12.1. Тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың барлық қолданылатын нормалары мен талаптарын, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, өзінің тіркелген елінің заңнамасын, сондай-ақ АҚШ-тың шетелдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы (FCPA), Ұлыбританияның парақорлыққа қарсы күрес туралы Заңы (UK Bribery Act) және өзге де юрисдикциялардың ұқсас заңдары сияқты халықаралық актілердің нормаларын сақтауға міндеттенеді.
12.2. Тарап өзінің, оның құрылтайшылары, акционерлері, бенефициарлық иелері, басқару органдарының мүшелері, қызметкерлері мен қызметкерлері лауазымды тұлғаларға немесе басқа тұлғаларға бизнесті алу немесе ұстап қалу, сондай-ақ құқық бұзушылық туралы шешім қабылдау мақсатында тікелей немесе жанама түрде қандай да бір қаражатты, құндылықтарды немесе басқа да артықшылықтарды ұсынбаған, уәде етпеген, бермеген және ұсынбайтындығын білдіреді және кепілдік береді.
12.3. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тармақ бұзылған жағдайда, екінші Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен дереу бұзуға және келтірілген барлық шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
13. Осы Шарттың әрекеті, өзгертілуі және тоқтатылуы
13.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Егер қолданылатын құқықты айқындаудың өзге тәртібі оферта-шартта не халықаралық құқық нормаларында көзделмесе, осы Келісіммен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
13.2. Осы Келісімді орындауға байланысты кез келген даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешуге күш салады. Егер даулар осы жолмен шешілмесе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
13.3. Осы Шарт кез келген Тарап тарапынан және қандай да бір негіз бойынша тоқтатылған жағдайда, Сатып алушы Сайттың барлық функционалын және сервистерін толық пайдалануды тоқтатуға міндетті.
14. Қорытынды ережелер
15. Осы Келісім Сатып алушы сайтта тіркелген не тапсырысты ресімдеу үшін сатушыға жүгінген сәттен бастап жарамды деп танылады және Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға дейін қолданылады.
16. Сатушы туралы мәліметтер:
БСН: 160840000476
Заңды мекенжайы: Самал-2 ш/а, үй
Осы Келісімнің шарттарына және техникалық қолдауға қатысты сұрауларды shop@cdv.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
тел.: +7 700 200 27 27