Jo Malone London

Сабын Peony & Blush Suede, 100 гр

15,700 ₸

Жоғалып қалмау үшін таңдаулыларға қосыңыз

Peony & Blush Suede хош иісті сабыны теріні нәзік тазартып, жұмсартады, артынан нәзік шлейф қалдырады. Қызыл алманың балдай шырынды хош иісі. Раушан мен жасминнің нәзік реңктерімен көмкерілген пион гүлдерінің кербез шоғыры қызғылт замшаның ұнтақты аккордымен үйлесім табады. Құрамында ши майы бар формула теріні құрғатпай, жұмсақтық сыйлайды. Қолдану тәсілі: Сабынды көпіртіп, хош иісті қалың көбікке айналдырыңыз және теріге массаж жасай отырып жағыңыз. Жылы сумен шайып тастаңыз. Рәсімді Jo Malone London дене мен қол лосьонымен аяқтаңыз. Хош иісті үйлестіру философиясы: Jo Malone London ұсынған барлық хош иістер мен текстураларды жеке немесе өзара үйлестіріп, ерекше композициялар жасауға болады. Жарқын және сергек бейне жасау үшін Peony & Blush Suede хош иісін шырынды алмұрт пен ақ фрезия гүл шоғындағы English Pear & Freesia хош иісімен үйлестіріңіз. Жылы әрі сезімтал реңк қосу үшін Peony & Blush Suede хош иісін пралине тәттілігіне бөленген дамаск раушаны – Velvet Rose & Oud хош иісімен үйлестіріңіз.

Өлшемі

100 г

Жынысы

унисекс

Топша

Ванна және душқа арналған

Қолдану әдісі

Дене

Артикул

LA6A010000

Жеткізу

Қазақстан бойынша тегін жеткізу.

Жеткізу шарттары

Қайтару

Тауарды тапсырыс алған сәттен бастап 14 күннің ішінде қайтаруға болады.

Қайтару шарттары

Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдары мен басқа да ұқсас технологияларды осы Хабарламаға сәйкес пайдалануға келісім бересіз.