Қосымшада тапсырыс бергенде бонустар алыңыз

Бонустар тек қосымшада сатып алу кезінде есептеледі

Парфюмерлік сірінді Angels' Share Paradis, 50 мл

281,500 ₸

Сипаттама

Килиан Хеннессидің шабыт көзі. Жаңа хош иістер топтамасын таныстыра отырып, әйгілі француз коньяк өндірушілер әулетінің мұрагері Килиан Хеннесси өзінің мұрасына және таңға дейін жалғасатын кештердің серігі – сүйікті күшті ішімдіктерге құрмет көрсетеді. Танымал француз коньяк өндірушілер әулетінің өкілі ретінде Килиан әлемдегі ең үздік коньяк — Hennessy Paradis дәмін дәл соған лайық ортада бағалауға мүмкіндік алды. Hennessy Paradis-ті дәмдеу кезінде пайда болатын сезімдерді хош иіс арқылы жеткізу үшін Килиан Хеннесси құрамға болгар раушанын, таңқурайды және сандал ағашын қосып, басты ингредиенттер – тонка бұршақтары мен еменді шегіне жеткізе күшейтті. Angels’ Share Paradis – Kilian Paris бренді тарихындағы ең жоғары концентрациялы хош иіс. Емен бөшкелерде пісіп жетілу кезінде алкогольдің белгілі бір бөлігі буланып кетеді. Бұл үдеріс “періштелердің үлесі” деп аталады – құдды бір құдайларға ұсынылғандай. Angels’ Share Paradis – бұл жұмақтағы періштелер тамсанатын дерлік кемелдік. Флаконның қақпағы – табиғи ағаштан жасалған, сәнді коньяк бөшкелерін еске түсіретін стильде орындалған. Хош иіс ноталары: таңқурай, коньяк, сандал ағашы, тонка бұршақтарының абсолюті. Парфюмер: Бенуа Лапуза. ТОЛЫҒЫРАҚ THE LIQUORS топтамасындағы флакондар ар-деко дәуірінің хрусталь бокалдарын еске салады және сәнді барлардың интерьерімен байланысты бейнелерді тудырады. Қайта толтырылатын флакон – әсем өрнекті шыныдан жасалған шеберлік туынды. Геометриялық сызықтар парфюмерлік үйдің ең танымал символдарының бірі – “K” әрпін бейнелейді. Қақпағында дәл сол өрнектер ойылып жасалған, материал ретінде шыны тәрізді мөлдір және құрылымды, бірақ әлдеқайда төзімді шайыр таңдалған. Аромат атауы трафареттік баспа әдісімен ромб пішінді металл пластинаға түсірілген. Бұл бөлшектер KILIAN PARIS өнімдерінің шынайы сән-салтанатының кепілі. Нағыз сән – өткінші емес, мәңгілік. Сондықтан бұл топтаманың флакондарын шексіз рет толтыруға болады. Қолдану тәсілі: Хош иісті таза, ылғалданған теріге: білектерге, мойынға және тамыр соғатын нүктелерге жағыңыз. Хош иіс дене жылуымен ашылып, кеш бойы сізбен бірге болады. Ысқыламаңыз.

Қосымша мәліметтер

Өлшемі: 50 мл

Топша: Парфюмерлік сірінді

Қолдану әдісі: Мойын және декольте аймағы

жынысы: унисекс

Артикул: N0NQ010000

25 000 теңгеден басталатын тапсырыс Қазақстан бойынша тегін жеткізіледі.

Жеткізу шарттары

Тауарды тапсырыс алған сәттен бастап 14 күннің ішінде қайтаруға болады.

Қайтару шарттары

Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдары мен басқа да ұқсас технологияларды осы Хабарламаға сәйкес пайдалануға келісім бересіз.