Жоғалып қалмау үшін таңдаулыларға қосыңыз
Сипаттама
Сипаттама
Пребиотиктері бар душқа арналған гель – терінің микробиомын қалпына келтіріп, оны нәзік тазартуға арналған құрал. Терінің ылғал деңгейін оңтайлы ұстап тұрып, серпінділігі мен тығыздығын арттырады. Гель терінің бетін табиғи гидролипидті қабатын бұзбай, жұмсақ әрі мұқият тазартады. Қолданғаннан кейін тері ерекше ылғалданған және жібектей жұмсақ болады. Ароматы: гүл мен жеміс ноталарының үйлесімі. Раушан мен жасминнің хош иісі нәзіктік сыйлап, мускус пен сандалдың дуэті сезімталдықты арттырады. Ал алма, алмұрт, шабдалы және лимонның жеңіл ноталары хош иісті теңестіреді. Қолдану тәсілі: Гельдің аз мөлшерін дымқыл теріге жағыңыз. Көпіршітіп, уқалап жуыңыз. Сумен мұқият шайыңыз. Келесі күтім кезеңі ретінде SHIK бренді ұсынған дене күтімі жүйесін қолдануға кеңес береміз. Пайдалы компоненттер: Биолин – табиғи пребиотик, терінің қорғаныс функцияларын күшейтеді. Кофеин – терінің серпінділігін арттырады. Аргана сығындысы – жасушалардың жаңаруын жылдамдатып, теріні қоректендіреді. Авокадо майы – құрғақтық пен қабыршақтануға қарсы әсер етеді, теріні жұмсартады. Асаи жидектерінің сығындысы – антиоксиданттық әсер беріп, терінің серпінділігін жақсартады. Мүкжидек сығындысы – антибактериалды әсерге ие. Соя майы – терінің ерте қартаюын баяулатып, қалпына келуіне ықпал етеді. Құрамында SLES және SLS жоқ. Нәтиже: жұмсақ, серпінді, құрғақтық пен тартылу сезімінсіз нәзік тазаланған тері. Барлық тері түрлеріне жарамды — қалыпты, құрғақ, майлы және аралас. Назар аударыңыз! Тасымалдау кезінде температураның күрт өзгеруінен гельдің түсі сүт түстес болуы мүмкін. Бөлме температурасында ол қайтадан мөлдір күйге келеді. Бұл өнімнің сапасына әсер етпейді.
Қосымша мәліметтер
Қосымша мәліметтер
Өлшемі
200 мл
Қолдану әдісі
Дене
Жынысы
унисекс
Топша
Ванна және душқа арналған
Артикул
4631163960625
Дүкендердегі қолжетімділік
Дүкендердегі қолжетімділік
Жеткізу және қайтару
Жеткізу және қайтару