Жоғалып қалмау үшін таңдаулыларға қосыңыз
Сипаттама
Сипаттама
NO MAKEUP WIPES SHIK макияжды кетіруге арналған тазартқыш майлықтары тіпті суға төзімді косметиканы нәзік түрде кетіріп, бет терісіне күтім жасайды. Әр майлыққа мол сіңірілген эссенция құрамында белсенді және құнды заттар кешені, өсімдік компоненттері мен қышқылдар бар. Ақ омела, вирджиния гамамелисі, шайқурай, арша жидектері, түйежапырақ тамыры, мелисса жапырақтары, жалбыз және сабыншөп тамырының сығындылары тыныштандыратын, қабынуға қарсы және сергітетін қасиеттерге ие әрі теріні сапалы тазартуға көмектеседі. AHA және BHA қышқылдары тері тесіктерін тиімді тазартып, бет реңін жақсартады. Ал гамамелис гидролаты, пантенол, гиалурон қышқылы және аллантоин теріні ылғалдандырып, қалпына келтіруші әсер береді. NO MAKEUP WIPES жұмсақ маталы майлықтары теріні эпидермалдық тосқауылға зиян келтірмей, мұқият әрі нәзік тазартуға көмектеседі. Жұмсақ әрі ықшам қаптамасының арқасында оларды өзіңізбен бірге алып жүру және сапарларда пайдалану ыңғайлы. Қолдану тәсілі: Майлықтың көмегімен жеңіл айналмалы қозғалыстар жасап, беттегі макияж бен кірді ақырын сүртіп тастаңыз. Формула теріні құрғатпайды және сумен шаюды қажет етпейді. Нәтиже: таза әрі ылғалданған бет терісі. Тазартқыш майлықтар барлық тері түрлеріне жарайды. Қолданар алдында өнімді компоненттерге жеке төзімсіздікке тексеріңіз. Ол үшін майлықты шынтақтың ішкі жағына қолданып, бірнеше сағат күтіңіз.
Қосымша мәліметтер
Қосымша мәліметтер
Қолдану әдісі
Бет
Жынысы
әйелдер
Топша
Тазарту
Артикул
4631169140151
Дүкендердегі қолжетімділік
Дүкендердегі қолжетімділік
Жеткізу және қайтару
Жеткізу және қайтару