Жоғалып қалмау үшін таңдаулыларға қосыңыз
Түн — тері үшін ең маңызды уақыт: дәл осы кезде ол сякеліп, токсиндерден арылады. Пигментациясы бар және реңкі біркелкі емес теріге PHYTO-BLANC топтамасының түнгі кремі тамаша көмекші болады. Ол теріні қарқынды ағартып, оянған сәттен бастап оның табиғи жарқырауын аша түседі. Жаңа крем топтаманың күндізгі күтім құралдарымен тамаша үйлеседі. Бірге қолданғанда пигментацияға және реңктің біркелкі еместігіне бейім теріге арналған толыққанды күтім бағдарламасын құрайды. Бірден — тері ылғалданып, жұмсарады. Ылғалдандыратын және нәрлендіретін ингредиенттер әлсіреген тері барьерінің қызметін қолдап, жайлылық сезімін сыйлайды. Оянғаннан кейін — бет реңкі әлдеқайда балғын болып, тері демалғандай көрінеді. Түн сайын — тері толығып, кремнің қуатты белсенді ингредиенттерінің әсерінен қара дақтардың* көлемі мен қарқындылығы айтарлықтай азаяды. Қанық әрі сонымен бірге жеңіл сезілетін мұздай текстурасы теріні нәзік қоршайды. Лаванда мен мастикалық тасшөп эфир майлары ерекше хош иіс беріп, жағымды босаңсуға ықпал етеді. *Терінің қартаюы, ультракүлгін сәулелердің әсері немесе басқа да жағымсыз сыртқы факторлар салдарынан пайда болған дақтар. Белсенді ингредиенттер • Cystoseira tamariscifolia теңіз балдырының сығындысы — теріні токсиндерден тазартып, пигментациямен күреседі. • Патенттелген PHYTO-BLANC кешені* — теріні қарқынды ағартып, оның реңкін тегістейді. • Е дәрумені — антиоксиданттық әсер көрсетеді. • Табиғи бисаболол — теріні тыныштандырады. • Өсімдік глицерині, В5 провитамині, ши майы — теріні ылғалдандырып, қорғайды. Күн сайын кешке бет пен мойынға кремнің аз мөлшерін (толық емес қалақша) жағыңыз. PHYTO-BLANC түнгі кремін әр кеш сайын лосьон мен сарысудан кейін қолданыңыз. Барлық тері түріне, соның ішінде сезімтал теріге жарайды. Комедогенді емес.
AQUA/WATER/EAU, C10-18 TRIGLYCERIDES, DICAPRYLYL CARBONATE, GLYCERIN, CETYL ALCOHOL, HELIANTHUS ANNUUS (SUNFLOWER) SEED OIL, NIACINAMIDE, SQUALANE, CETEARYL ALCOHOL, PENTYLENE GLYCOL, BUTYROSPERMUM PARKII (SHEA) BUTTER, SODIUM CARBOXYMETHYL STARCH, GLYCERYL STEARATE, PEG-100 STEARATE, HYDROXYPROPYL STARCH PHOSPHATE, PANTHENOL, TOCOPHERYL ACETATE, HEXYLRESORCINOL, BISABOLOL, CYSTOSEIRA TAMARISCIFOLIA EXTRACT, PISUM SATIVUM (PEA) EXTRACT, THYMUS SERPYLLUM EXTRACT, LAVANDULA ANGUSTIFOLIA (LAVENDER) OIL, THYMUS MASTICHINA FLOWER OIL, BUTYLENE GLYCOL, CETEARETH-20, MALTODEXTRIN, XANTHAN GUM, ETHYLHEXYLGLYCERIN, DISODIUM EDTA, C18-21 ALKANE, SUCROSE DILAURATE, CITRIC ACID, SODIUM COCOYL GLUTAMATE, SODIUM HYDROXIDE, BENZOIC ACID, PENTAERYTHRITYL TETRA-DI-T-BUTYL HYDROXYHYDROCINNAMATE, TOCOPHEROL, LINALOOL, LIMONENE, GERANIOL. IL#1A
Өлшемі
50 мл
Топша
Ылғалдандыру мен қуаттандыру
Жынысы
унисекс
Қолдану әдісі
Бет
Артикул
159350