Sisley

Бетке арналған корректор Targeted Dark Spot

119,100 ₸

Жоғалып қалмау үшін таңдаулыларға қосыңыз

PHYTO-BLANC топтамасының нүктелік әсер ететін корректоры пигментті дақтардың көрінуін азайтады. Генетикалық жолмен пайда болған дақтардан басқа, пигментті дақтардың кез келген түріне әсер етеді. Нәтиже екі аптадан кейін байқалады. Патенттелген PHYTO-BLANC кешені мен корректор құрамындағы табиғи ингредиенттер теріні ағартып, дақтардың көлемі мен қарқындылығын азайтады. Тері реңкі біркелкі әрі жарқын бола түседі. Жыланшөп тамырының сығындысы ескі және ауқымды пигментті дақтармен күреседі — бұл Sisley каталогындағы осындай нүктелік әсерге бағытталған алғашқы құрал. Корректорды бетке, мойынға, декольте аймағына және қолға қолдануға болады. Ол келесі топтамалардың сарысуларымен тамаша үйлеседі: – Sisleya — қартаюға қарсы күтім аясында; – PHYTO-BLANC — пигментті дақтар ультракүлгін сәулелердің қарқынды әсерінен пайда болған жағдайда; – Tropical Resins — тері кемшіліктерге бейім болса. Құралдың жеңіл текстурасы бар және барлық тері түріне жарайды. Белсенді ингредиенттер • Патенттелген PHYTO-BLANC кешені — теріні ағартып, пигментация белгілерімен күреседі. • Үлкен жыланшөп тамырының сығындысы — ескі және ауқымды пигментті дақтарға нүктелік әсер етеді. • Е дәрумені — антиоксиданттық әсер көрсетеді. • Табиғи бисаболол — теріні тыныштандырады. Таңертең және кешке бетке, мойынға, қолға және декольте аймағына пигментті дақтардың үстіне нүктелік жағыңыз. Құралды дақтың үстіне қылқаламмен немесе саусақпен бірнеше секунд бойы ақырын уқалап сіңіріңіз. Содан кейін сарысу қолдану ұсынылады. Пигментті дақтардың пайда болу ықтималдығын азайту үшін SPF деңгейі жоғары күннен қорғайтын құралдарды пайдалану қажет.

AQUA/WATER/EAU, GLYCERIN, HELIANTHUS ANNUUS (SUNFLOWER) SEED OIL, NIACINAMIDE, PENTYLENE GLYCOL, BORON NITRIDE, HYDROGENATED POLYISOBUTENE, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, HEXYLRESORCINOL, TOCOPHERYL ACETATE, BISABOLOL, POLYGONUM BISTORTA ROOT EXTRACT, PISUM SATIVUM (PEA) EXTRACT, THYMUS SERPYLLUM EXTRACT, LAVANDULA ANGUSTIFOLIA (LAVENDER) OIL, THYMUS MASTICHINA FLOWER OIL, TITANIUM DIOXIDE (CI 77891), ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, BUTYLENE GLYCOL, XANTHAN GUM, MICA, SODIUM CITRATE, MALTODEXTRIN, SUCROSE DILAURATE, DISODIUM EDTA, HEXYLENE GLYCOL, TIN OXIDE, SODIUM COCOYL GLUTAMATE, CITRIC ACID, CAPRYLYL GLYCOL, PENTAERYTHRITYL TETRA-DI-T-BUTYL HYDROXYHYDROCINNAMATE, LINALOOL, LIMONENE, GERANIOL. IL#1A

Өлшемі

7 мл

Топша

Корректорлар мен консилерлер

Жынысы

унисекс

Қолдану әдісі

Бет

Артикул

159230

Жеткізу

Қазақстан бойынша тегін жеткізу.

Жеткізу шарттары

Қайтару

Тауарды тапсырыс алған сәттен бастап 14 күннің ішінде қайтаруға болады.

Қайтару шарттары

Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдары мен басқа да ұқсас технологияларды осы Хабарламаға сәйкес пайдалануға келісім бересіз.