Sisley

Француздық Sisley компаниясының негізін 1976 жылы граф Юбер д’Орнано мен оның жұбайы Изабель қалаған. Әлі күнге дейін Sisley отбасылық кәсіпорын болып қала береді және Д’Орнано әулетінің әртүрлі буыны компанияның тарихына өз үлесін қосып келеді. Бренд философиясының негізінде фитокосметология қағидасы жатыр. Sisley зертханаларының ғалымдары табиғи сығындылардың ең тиімділерін пайдалана отырып, терінің жастығы мен сұлулығын сақтауға көмектесетін формулалар жасайды. Каталогте бет және дене күтіміне арналған құралдар, күннен қорғайтын өнімдер, сәндік косметика, сондай-ақ парфюмерия және шаш пен бас терісіне арналған Hair Rituel топтамасы ұсынылған. Өсімдіктер мен тері туралы терең білім және технологиялық жетістіктерге ұдайы бейімделу Sisley компаниясына әйелдер мен ерлерге арналған сапасы мен тиімділігі жоғары бірегей құралдар жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде Sisley — іріктемелі косметика әлеміндегі ең беделді брендтердің бірі.

Тауарлар саны: 53

Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдары мен басқа да ұқсас технологияларды осы Хабарламаға сәйкес пайдалануға келісім бересіз.